​Қостанай облысында жолаушылар пойызы тракторға соғылды

0
1 273

Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеді.


​Қостанай облысында жолаушылар пойызы тракторға соғылды

ERNUR.KZ. «Қостанай-Арқалық» бағытындағы жолаушылар пойызы астық тиеген К-700 тракторының тіркемесіне соғылды. Төтенше жағдай Притобольская Апановка өткелінің 178-ші шақырымында болған, деп жазады ҚазАқпарат.

Қостанай магистраль жүйесі бөлімінің бас инженері Абзал Спановтың айтуынша, бастапқы мәліметке, өткелдің күзетшісі шлагбаумды жапқанға К-700-дің тіркемесі теміржолды кесіп өтетін жерге шыққан.

«Жұмысында ақау пайда болған К-700-дің тіркемесі рельстің үстінде қалып қойған. Өткел кезекшісі нұсқаулыққа сәйкес, дереу шаралар қабылдау үшін Притобольская стансасының кезекшісіне хабар берген. Алайда уақыттың жетіспеушілігінен және К-700 тіркемесіндегі ақауларға байланысты жүк көлігін пойыз келгенге дейін теміржолдан алып тастай алмаған. Пойыз машинисі шұғыл тоқтаған, алайда арадағы қашықтық тым қысқа болғандықтан, соққының алдын алу мүмкін болмады», - деді А. Спанов.

Маманның айтуынша, бұл жағдайда локомотивтің машинисі нұқсқаулыққа сәйкес әрекет еткен. Пойыз рұқсат етілген жылдамдықпен келе жатқан.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеді.