Қостанай облысындағы су қоймасынан учаскелік полицейдің денесі табылды

0
598

Аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы рейдке кетіп, содан байланысқа шықпай қалған еді.


Қостанай облысындағы су қоймасынан учаскелік полицейдің денесі табылды

ERNUR.KZ. Оның денесі су қоймасына батып кеткен қызметтік көліктен табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қостанай облысының Әулиекөл полиция бөлімінің учаскелік инспекторы 28 сәуір күні бекітілген учаскеде рейдтік жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізген болатын. Алайда, ол бір уақытта байланысқа шықпай қалды. Бірден іздеу шаралары басталып кетті. Жергілікті аймақты тексеру кезінде су қоймасына батып кеткен автокөлік табылды, полицейдің денесі соның салонынан шықты. Онда көрінетін дене жарақаттары жоқ «, - деп түсіндірді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу және қызметтік тексеру басталды.