Облыс әкімі балалар үйіне 2 млн теңге сыйлады

0
1 118

Мұнда балалар аналармен бірге пәтреде тұрады, сол себепті интернат үйі деуге келмейді.


Облыс әкімі балалар үйіне 2 млн теңге сыйлады

ERNUR.KZ. Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов отбасылық типтегі "Жанұя" балалар үйіне 2 млн теңгенің сертификатын табыс етті. Тәрбиеші аналардың айтуынша бұл қаржыны олар балаларға компьютер, техникалар сатып алу үшін жұмсамақ, деп жазады baq.kz.

Облыс әкімдігінен келген қонақтар үшін балалар үйінің тәрбиеленушілері концерт ұйымдастырып, ән айтып, би биледі.
Мұнда балалар аналармен бірге пәтреде тұрады, сол себепті интернат үйі деуге келмейді. Бүгінде бұл жерде 7 тұрғын үй бар және әрбірінде 7 ұл мен қыз өмір сүреді. Қостанай облысының әкімі балаларға құр қол келмеді. Ол сыйлық ретінде 2 млн теңгенің сертификатын табыс етіп, тәттілер таратты.


«Балалар интернетке қосылып, сабақтарына дайындалуы үшін біз әр пәтерге компьютер, принтер сатып аламыз. Компьютерлер бар болғанымен олар ескірген. Облыс әкімінің сыйлығы үшін қуаныштымыз
», — деді "Жанұя" отбасылық балалар үйінің директоры Ольга Козлюк.