Ол Липосакциядан кейінгі үшінші күні өзін нашар сезініп, дене қызуы көтерілген.
Фото: pixabay.com
ERNUR.KZ. Қостанай тұрғыны липосакция отасынан кейін жансақтау бөліміне түсті. Әйелге құрсақ қуысының қабынуы диагнозы қойылған. Нәтижесінде дәрігерлер науқастың ішектерін алып тастауға мәжбүр болды, деп жазады stan.kz.
33 жастағы Қостанай тұрғыны 7 шілде күні жедел жәрдеммен жеткізіліп, содан бері жансақтау бөлімінде жатыр. Ол Липосакциядан кейінгі үшінші күні өзін нашар сезініп, дене қызуы көтерілген. Әйелге қалалық ауруханада шұғыл ота жасалды.
“Ота кезінде анықталғандықтан илеостомия жасалды. Бірақ стоманы жабу үшін тағы бірнеше операциясы жасалуы қажет”, – деді Қостанай қалалық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Қуат Алмағамбетов.
Науқас қазір өздігінен тыныс алуда, бірақ әлі сөйлей алмайды. Оның жағдайы тұрақты, бірақ ауыр. Хирург, медицина ғылымдарының кандидаты Максим Михайлченко қазір мұндай жағдайлар жиі кездесетінін алға тартты.
“Ота кезінде ішкі ағзалардың зақымдануы ятрогендік жарақат деп аталады. Бұл хирургтардың тәжірибесінде болады. Бұл көптеген факторларға, бұрын жасалған оталарға, құрсақ қуысындағы адгезия процесіне, хирургтың біліктілігіне байланысты. Қазір ақша үшін хирургтер демалыс күндері де жұмыс істейді. Тез жасап бітірсе болды”, - дейді Максим Михайлченко.