Қостанай тұрғынынан атылатын пышақ тәркіленді

0
1 011

Өнертапқыш атуға арналған суық қаруды өзі жасап шығарған.


Қостанай тұрғынынан атылатын пышақ тәркіленді

ERNUR.KZ. Есірткі саудасына қатысы болуы мүмкін деген күдікпен ұсталған 61 жастағы қостанайлықтың гаражынан ерекше пышақ табылды, деп жазады exk.kz.

Күдікті пышақты жауынгерлік оқпен атуға бейімдеген. Ол арнайы құрылғыны суық қарудың сабына бекітіпті.

"Сот-криминалистік сараптау мамандары құрастырмалы пышақтың сабына орнатылған құрылғы 9 калибрлі тапанша оғын атуға қабілетті екенін дәлелдеді. Мұнымен қоса, гаражды тінту кезінде салмағы бір грамнан асатын гашиш табылды", деді облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.