Қостанайда 5-ші қабаттан құлап өлген қыз жауын суы ағатын құбырмен түспек болған

0
847

Қостанай қалалық полиция департаменті қайғылы жағдайға байланысты түсініктеме берді.


Қостанайда 5-ші қабаттан құлап өлген қыз жауын суы ағатын құбырмен түспек болған

ERNUR.KZ. Қостанайда қаза болған қыз көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан арнайы жерге су ағызу үшін қойылған құбырмен жерге түспек болған. Бірақ абайсызда құлап кетті, деп жазады exk.kz.

Қостанай қалалық полиция департаменті қайғылы жағдайға байланысты түсініктеме берді.

"Алдын ала тергеу жұмыстарына сүйенсек, 23 жастағы қыз су ағатын құбырмен бесінші қабаттан жерге түспек болған. Бірақ абайсызда жерге құлап, ажал құшты", - дейді қалалық ПД баспасөз қызметіндегілер.

Бұған дейін Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар 23 жастағы қыздың өлімін растайтынын айтқан болатын.