Қостанайда элеваторда өрт болды

0
173

Оқиға орнына ТЖМ күштері шұғыл аттанды.


Қостанайда элеваторда өрт болды

ERNUR.KZ. Қостанай облысында шемішке толы элеваторда өрт болды. Оқиға орнында жедел штаб құрылды, деп жазады Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін, 2026 жылы 17 қаңтарда Қостанайда Абай даңғылында орналасқан элеваторда түтін шығып жатқаны туралы 112 пультіне хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына ТЖМ күштері шұғыл аттанды.

"Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер астық қабылдау пунктінің кептіру камерасында күнбағыс тұқымдары тұтанып жатқанын анықтады. Құтқарушылардың күшімен оқиға орнында жедел штаб құрылып, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Тұқымдардың майлылығының жоғары болуына байланысты өртті сөндіру жұмыстары күрделене түсті. Өрт 50 шаршы метр аумақта сөндірілді", делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда.