Қостанайда 37 жастағы ер адам жаңа туған нәрестені өлі күйінде тауып алған.
ERNUR.KZ. Бұл туралы Қостанай облысының полиция департаментінен хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, сәуірдің 18-і күні кешкі сағат 17:00 шамасында Гоголь мен Шаяхметов көшелерінің қиылысында, "Бүркіт" базарының аумағынан нәресте салынған пакет табылған.
"37 жастағы ер адам жаңа туған нәресте салынған пакет тауып алған. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы жаңа туған нәрестенің өлі екенін анықтаған", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 100-бабында "Жаңа туған нәрестені анасының өлтіруі" бойынша сотқа дейінгі іс қозғалғаны нақтыланды. Тергеу амалдары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалып жатыр.