Қостанайда шетел азаматтарына тиесілі заңсыз майнинг фермасы табылды

0
612

2021 жылғы қарашадан 2022 жылғы ақпанға дейін Қостанай қаласында «EG» ЖШС орналасқан электр энергиясын тұтынудың күрт өскені анықталды.


Қостанайда шетел азаматтарына тиесілі заңсыз майнинг фермасы табылды

ERNUR.KZ. Қаржылық мониторингі агенттігінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті цифрлық майнингпен айналысатын тұлғаларға тиісті лицензиясыз электр энергиясын сату фактісі бойынша «EG» ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғады, деп жазады ҚазАқпарат.

Сотқа дейінгі тергеу барысында 2021 жылғы қарашадан 2022 жылғы ақпанға дейін Қостанай қаласында «EG» ЖШС орналасқан электр энергиясын тұтынудың күрт өскені анықталды.

Жоғарыда көрсетілген кезеңде электр энергиясын сатып алуға жұмсалған болжамды сома 32 185 617 теңгені құрады (1 кВт/сағ үшін 32 теңге тарифі кезінде).

Тінту жүргізу барысында осы аумақта цифрлық майнингпен айналысуға арналған жабдығы бар екі контейнер табылды.

Одан 180 дана – интернет желісінде пайдалану жолымен крипто валютасын өндіруге арналған «ASIC» маркалы арнайы жабдық: «Whatsminer M20S» және «Avalon Miner 1166pro-81t» шықты.

Тінту кезінде мамандандырылған техникасы бар контейнерлерді жалға берген кәсіпорындар анықталды.

Олардың құрылтайшылары - басқа өңірлердің (30%) және шетел (70%) азаматтары.