Қостанайда жүргізуші куәлігін сатып келген полиция бөлімшесінің бастығы ұсталды

0
479

Күдікті азаматқа қатысты соңғы шешімді сот қабылдайды.


Қостанайда жүргізуші куәлігін сатып келген полиция бөлімшесінің бастығы ұсталды

ERNUR.KZ. Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін бастаған сот алдындағы тергеу амалдары бойынша Қостанай облысы полиция департаменті бөлімшесінің бастығын ұстады, деп жазады ҚазАқпарат.

Ұсталған ер адам Қостанайдағы уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Ол «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ сенімді өкілдерімен бірлесіп, жол ережелерінің теориялық емтиханын іс жүзінде тапсырмаған, с ондай-ақ бұрын көлікті алкоголь ішіп, мас күйінде жүргізгені үшін көлік жүргізу құқығынан айырылған тұлғаларға жүргізуші куәлігі мен олардың телнұсқаларын беру үшін талай рет пара алған деген күдікке ілінді. Тергеу амалдары жалғасуда», - деп түсіндіріп өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінен.

Күдікті азаматқа қатысты соңғы шешімді сот қабылдайды.