Қостанайдағы әлеуметтік орталықта тәрбиеленіп жатқан жасөспірім көз жұмды

0
342

Бала түскі асын ішкеннен кейін күндізгі ұйқыға жатқызылған.


Қостанайдағы әлеуметтік орталықта тәрбиеленіп жатқан жасөспірім көз жұмды

фото: Sputnik/Айдана Дайырова

ERNUR.KZ. Қостанайдағы Балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушісі көз жұмды. Бұл ақпаратты облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Динара Қарымсақова растады, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға 28 шілдеде болған. Қарымсақованың айтуынша, сол күні баланың жағдайы қалыпты болған.
"Дене қызуының көтерілуі немесе қандай да бір шағым тіркелген жоқ. Бала белсенді болып, түскі асын ішкеннен кейін күндізгі ұйқыға жатқызылды", – деді ол.
Басқарма басшысы орталықта әрбір балаға тәулік бойы тиісті күтім көрсетілетінін айтты.
"Топтарда кіші медициналық персонал тұрақты бақылау жүргізеді, медициналық бекеттер тәулік бойы жұмыс істейді. Медициналық қызметкерлер мен мекеме басшылығы күніне екі рет аралап, балаларды медициналық тексеруден өткізеді. Орталықта педиатр, невропатолог және басқа да бейінді мамандар қызмет атқарады", – деді Динара Қарымсақова.
Әлеуметтік желіде ғимаратта кондиционер жоқ болғандықтан, бала аптап ыстықтың салдарынан қайтыс болуы мүмкін деген ақпарат тараған. Алайда басқарма бұл мәліметті жоққа шығарды.
"Әр топта кондиционер орнатылған. Биылғы жаздағы аптап ыстыққа байланысты ауыз су режимі мен бөлмелердегі температуралық режимнің сақталуы ерекше бақылауда болды", – деді басқарма басшысы.
Қазіргі уақытта полиция қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті сараптамалар тағайындалды.