​Қостанайлық полицей жаяу жүргіншіні қағып кетті

0
997

Қазір осы факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. Анықталғаны - полицей оқиға кезінде қызмет бабында жүрмеген.


​Қостанайлық полицей жаяу жүргіншіні қағып кетті

ERNUR.KZ. Қостанай облыстық Полиция департаментінің қызметкері жаяужүргіншіні көлігімен қағып кетті, деп жазады Alau.kz.

Ақпаратты облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқыс оқиға әл-Фараби-Чехов көшелерінің қиылысында болған.

«29 сәуір күні сағат 12:30-дар шамасында жеңіл автокөлік жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан әйелді соғып кетті. Автокөлік рөлінде Рудный қаласы полиция бөлімінің уческелік инспекторы болған. Ол жәбірленушіге бірден алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем қызметін шақырған», - дейді Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Қазір осы факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. Анықталғаны - полицей оқиға кезінде қызмет бабында жүрмеген.