Костенко шахтасындағы апат: Министр айыптылардың аты-жөнін атады

0
548

ТЖМ басшысы Сырым Шәріпханов апатқа қарапайым кеншілердің кінәсі болмағанын жеткізді.


Костенко шахтасындағы апат: Министр айыптылардың аты-жөнін атады

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Үкімет отырысынан кейін өтіп жатқан баспасөз конференциясында "Костенко" шахтасындағы апат бойынша айыпталған адамдардың аты-жөні белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz.

"Бұл — қатардағы жұмысшылар емес, тікелей жауапкершілік арқалайтын инженерлік-техникалық персонал. Бұл — жауапты лауазымды тұлғалар. Олар да, материалдар да тергеу органдарына берілді. Кінәсін сот анықтайды. Жекелеп айтсақ, бас директор Яблонский, персонал жөніндегі директор Винокурова, Белый мырза, "АрселорМитттал Теміртаудың" көмір департаментінің атқарушы директоры Огай және басқалар", — деді Сырым Шәріпханов.