Бұл туралы Олжас Бектенов Үкімет отырысында айтты.
ERNUR.KZ. Үкімет басшысы Олжас Бектенов қосылған құн салығының өспейтінін мәлім етті, деп жазады inform.kz.
«Қосылған құн салығының ставкасы көтерілмейді. Ұлттық экономика министрлігі мен Қаржы министрлігі республикалық бюджеттің шығыс және кіріс бөлігін сапалы жоспарлауды қамтамасыз етуі керек», - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.