Бұл туралы ведомство басшысы Ажар Ғиният Мәжілістің жалпы отырысында депутат сауалына берген жауабында айтты.
ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Укаринадан дәрі әкелу келісімшарттарының күшін жояды, деп жазады ҚазАқпарат.
Бұл туралы ведомство басшысы Ажар Ғиният Мәжілістің жалпы отырысында депутат сауалына берген жауабында айтты.
«Бізге өмірі ұдайы дәрі ішіп тұруға тәуелді адамдар жүгініп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі Украинадан дәрі келу бойынша проблемаларға тап келіп отыр. Бұл елден 25 түрлі дәрі-дәрмек сатып алынады. Тағы бір мәселе бар. Өзіміздегі дәрі өндірісі кейбір құрамдық бөлшектер мен логистика бойынша импортқа тәуелді. Осының салдарынан дәрінің өзіндік құны артып отыр. Медицна мекемелері дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар сатып алу кезінде шприцтер, катетрлар мен өзге де алғашқы кезекте қажетті тауарлар тапшылығына тап болып отыр. Ал Үкімет ұзақ мерзімге жететін қорымыз бар дейді. Кей өңірлерде тіпті «СҚ-Фармацияның» қоймалары да жоқ болса, қор қалай жеткілікті болады? Науқастарға дәрі-дәрмекті қалайша үздіксіз жеткіз бекшісіздер»,- деді Мәжіліс депутаты Зарина Камасова.
Денсаулық сақтау мнистрі Ажар Ғиният бұл проблема ведомствоның ұдайы назарында екенін айтты.
«Геосаяси ахуал өте күрделі болып тұр. Биылға қажет дәрі мен медициналық бұйымдарды сатып алу бойынша былтыр конкурс өткізген болатынбыз. Қажет дәрілердің 94 пайызын сатып алдық. Бүгінде ол дәрілердің 50 пайызы «СҚ-Фармация» қоймалары мен хабтарына жеткізілген. Жыл аяғына дейін науқастарға қажет дәрі бар. Украинаға келсек, бұл көлемнің 1,6%-ы немесе дәрілік препараттардың 25 түрі осы елден әкелінеді. Жыл басынан бері соның 40-тан 70 пайызына дейін жеткіздік. Бүгінде зауыттар жабық тұр. Сондықтан біржақты негізде келісімшарттарды тоқтатамыз. Қалған көлем бойынша қайтадан конкурс жариялаймыз. Бұл жұмыстарды 1 шілдеге дейін аяқтап, дәрілік заттармен қамтамсыз етеміз», -деді ведомство басшысы.
Еске салсақ, бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Мәжіліс депутаттарына инфляцияны тежеу бағытындағы шаралар туралы мәлімет берді.
Оның мәліметі бойынша, биыл зейнетақы мен жәрдемақыны индекстеуге қосымша 111 млрд теңге бөлінеді.