ҚР Энергетика министрлігі Бозымбаевтың басқаруына берілді

0
978

Қазақстан Үкімет басшысының тапсырмасымен Қанат Бозымбаевтың кандидатурасын ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің басшысы Нұрлан Алдабергенов таныстырды.


ҚР Энергетика министрлігі Бозымбаевтың басқаруына берілді

ERNUR.KZ. Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінде өткен отырыста Қанат Бозымбаевтың кандидатурасы ҚР Энергетика министрі лауазымына тағайындауға келісілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 22-1 бабына сәйкес аталған мәселе Комитет отырысында қарастырылды. Қазақстан Үкімет басшысының тапсырмасымен Қанат Бозымбаевтың кандидатурасын ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің басшысы Нұрлан Алдабергенов таныстырды.