ҚР Энергетика министрлігі елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаңа қуаттарды кезең-кезеңімен іске қосуды жалғастыруда

0
108

2024 жылдың қорытындысы бойынша Біртұтас электр энергетикалық жүйесінде (БЭЭЖ) электр энергиясын өндіру көлемі 117,9 млрд кВтсағ құрап, тұтыну көлемі 119,9 млрд кВтсағ-қа жетті.


ҚР Энергетика министрлігі елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаңа қуаттарды кезең-кезеңімен іске қосуды жалғастыруда

ERNUR.KZ. 2035 жылға дейін елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 26 ГВт-тан астам жаңа қуаттарды іске қосу жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Біртұтас электр энергетикалық жүйесінде (БЭЭЖ) электр энергиясын өндіру көлемі 117,9 млрд кВтсағ құрап, тұтыну көлемі 119,9 млрд кВтсағ-қа жетті. Жыл сайынғы тұтыну өсімі мен жабдықтардың тозу деңгейінің орташа есеппен 56%-ға жетуі жаңа қуаттарды белсенді енгізуді және жұмыс істеп тұрған электр станцияларын жаңғыртуды талап етеді.

Осыған байланысты Энергетика министрлігі 2035 жылға дейінгі электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі Іс-шаралар жоспарын әзірледі. Жоспар аясында 26 ГВт-тан астам жаңа генерациялау қуаттарын енгізу көзделген. Атап айтқанда:

  • 5,5 ГВт – жұмыс істеп тұрған станцияларды жаңғырту, реконструкциялау және кеңейту есебінен;
  • 12,4 ГВт – әртүрлі пысықтау сатысындағы жаңа генерация жобалары;
  • 3,8 ГВт – инвесторлармен бірлесіп іске асырылатын ірі жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) жобалары;
  • 4,5 ГВт – ЖЭК бойынша аукциондық сауда қорытындысы бойынша іске қосу жоспарланған қуаттар.

2024 жылы Министрлік жалпы қуаты шамамен 2 ГВт болатын қолданыстағы қондырғыларды жаңғырту, кеңейту және жаңарту бойынша энергия өндіруші ұйымдармен 14 инвестициялық келісім жасасты.

Декарбонизация бағытына ерекше көңіл бөлінуде. 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі міндеттемелер аясында энергетика саласына экологиялық таза технологияларды енгізу бойынша инвесторлармен белсенді жұмыс жүргізілуде.

Аталған жобаларды іске асыру энергия жүйесіндегі тапшылықты болдырмауға және қажетті қуат резервімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.