ІІМ қазақстандықтарды шетелдік есепте тұрған көліктерді тіркеуге шақырады.
ERNUR.KZ. Армения, Қырғыз Республикасы, Ресей мен Беларусьтен Қазақстанға 170 мыңға тарта көлік құралы кіргізілген, деп жазады ҚазАқпарат.
ІІМ Армения мен Қырғызстаннан әкелінген автокөліктерге қатысты былай түсінік берді.
«Бұл елдердің ЕАЭО-ға қосылуына байланысты ережеге сәйкес, яғни ол елдерден әкелінген көліктердің ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағында пайдалануына қатаң шектеулер бар. Мәселен, аталған елдерде 2014 жылдан бастап 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін тіркелген автокөліктер Қазақстанға уақытша әкелінуі мүмкін. Уақытша әкелінген бұл көліктер Қазақстанға кедендік баждарды, салықтарды төлемей және Қырғызстан мен Арменияда тұрақты тұратын азаматтардың кедендік пошлиналарды төлеместен кіргізілуі ықтимал», - деп хабарлайды министрліктен.
Ал Қазақстан азаматтары Қырғызстанда немесе Арменияда тіркелген көлік құралдарын тек кедендік декларациядан өткізіп, баж, салықтарды төлеп, Қазақстанда тіркеген жағдайда ғана жүргізе алады.
«Егер Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан аумағынан тыс жерде көлікті меншіктік құқыққа тіркеген болса, сонымен бірге онда көлікті тіркеу туралы куәлік болса, «Жол қозғалысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 66-бабының талаптарына сәйкес, көлік 10 жұмыс күні ішінде Қазақстанда тіркелуі керек. Бұл ретте тиісті баждың бәрі төленуі тиіс», - делінген хабарламада.
Осылайша, министрлік шетелде тіркелген көліктерді Қазақстанда пайдаланудың барлық формалары заңнамамен реттелгенін еске салады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 2-тармағына («Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу») сәйкес, белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік құралын жүргізген адамға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Сондай-ақ, кемшілікті түзегенше көлік уақытша сақтау алаңында болады.
«Қазақстанда шетелдік көлікті тіркеудің жоқтығынан өзін жазасыз кететіндерін сезінгендер бар. Шетелде есепте тұрған көлікті жүргізген Қазақстандағы жүргізушілердің кінәсінен 1884 жол-көлік оқиғасы болып, оның салдарынан 132 адам көз жұмды, 500-ден астам адам жарақат алды. Мәселен, өткен жылы жол ережелерінің бұзылуын анықтайтын автоматты жүйелер 90 мыңнан астам бұзушылықты анықтады (барлығы 1,1 млрд теңге). Осы санаттағы көлік құралдарын полицияның заңдарды бұза отырып пайдалану фактілерінің жолын кесу мақсатында кедендік және салық органдарымен бірлесіп, рейдтік іс-шаралар өткізілетін болады. Осы себепті, ІІМ қазақстандықтарды шетелдік есепте тұрған көліктерді тіркеуге шақырады», - делінген хабарламада.