МІХ-2024 халықаралық зерттеу нәтижелері сүйенсек, Қазақстанда балаларды тәрбиелеу барысында физикалық жазалау және психологиялық қысым көрсету деңгейі 53%-дан 38-%-ға төмендеген.
ERNUR.KZ. «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы балалардың негізгі құқықтарын қамтитын төрт бағыттан тұрады. Олар: балалардың қауіпсіздігі, білім, денсаулық, отбасыға және әлеуметтік қорғаудағы құқықтары. Тиімділікті бағалау үшін 10 индикатор қарастырылған, ал тұжырымдаманы нақты іске асыру 158 іс-шара арқылы қамтамасыз етіледі. Бес жылдық кезеңге арналған іс-шараларды қаржыландырудың жалпы көлемі 1,3 трлн теңгені құрайды. ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарованың ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында атап өткендей, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі – балалардың қауіпсіздігі.
МІХ-2024 халықаралық зерттеу нәтижелері сүйенсек, Қазақстанда балаларды тәрбиелеу барысында физикалық жазалау және психологиялық қысым көрсету деңгейі 53%-дан 38-%-ға төмендеген. Бұл – Еуропа және Орталық Азия елдерінің арасында ең төмен көрсеткіштердің бірі. Сонымен қатар балалардың 96%-ы психологиялық тұрғыдан жақсы күйде.
«Бүгінде елімізде 20 психологиялық қолдау орталығы жұмыс істейді, барлық мектепте қауіпсіздік сабақтары мен «111» байланыс орталықтары енгізілген. «Қауіпсіздік» бағыты бойынша жұмыс әрі қарай жандандырылады. Ең алдымен, «Адал азамат» бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» принципін кеңейту көзделуде. Бұл әрбір баланың өмірі, оқуы және дамуы үшін қауіпсіз ортаны қамтамасыз етеді. «Таза Қазақстан» акциясы балаларды тәрбиелеудің идеологиялық платформасы ретінде негізге алынады», – деді вице-министр.
Мектептерде педагог-психолог сағатын енгізу, зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларға 40 көмек кабинетін ашу, психологиялық диагностика үшін бірыңғай цифрлық платформаны іске қосу және ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға толық менторлық қолдау жасау іс-шаралары жоспарланған.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, білім беру ұйымдарында терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін турникеттер орнатылды, лицензияланған күзет қызметі жұмыс істейді, дабыл батырмалары мен бейнебақылау жүйесі басқару орталықтарына қосылған. Күзет қызметіне қойылатын талаптар бекітілді, бұл мектептердің қауіпсіздігін арттырады.
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ақылды технологияларды енгізу жоспарланып отыр: бейнежазбаларды талдау арқылы буллингті анықтау және қауіпті болуы мүмкін тұлғаларды уақытында тану мүмкіндігі пайда болады, бұл қауіп-қатерлерді дер кезінде болдырмауға мүмкіндік береді.


