ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады

0
809

Ел мектептерінде соңғы қоңырау 25 мамырда соғылатын болды.


ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Биылғы оқу жылы 25 мамырда аяқталатындығын қатаң ескертемін. Осыған орай, оқу бағдарламаларын жыл бойына табысты меңгерген 3,8 миллионнан астам еліміздің оқушылары, келесі сыныптарға көшірілсін. Мектептің 1-10 сынып оқушыларына "Білімім Отаныма" тақырыбындағы Бірыңғай сынып сағаттарын өткізу 24 мамыр жұма күніне жоспарлансын. Бұл былтырғы жылдың қыркүйек айында енгізілген "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" шеңберінде қабылданған жоспарға сәйкес ұйымдастырылуы тиіс.
Әріптестеріміздің ұсынысы бойынша елімізде мамыр айында - "Ынтымақ айы" айлығын өткізу жоспарланған. Оның аясында "Таза Қазақстан", "Игі істер", "Каникулда кітап оқиық" және т.б. шаралар қарастырылған", - дейді министр.

Сонымен қатар, Ғани Бейсембаев еліміздегі 186 мың мектеп бітірушілері үшін оқу жылының аяқталуына арналған "Соңғы қоңырау" іс-шарасын 25 мамырда өткізуді тапсырды.

"Биылғы түлектер аталған іс шараны жоғары мәдениеттілікпен, ысырапшылдықсыз, даңғазалықсыз, рухани-адамгершілік деңгейінде өткізетіндіктеріне сенімдімін. Бұл болашақ түлектер үшін өнегелі дәстүрге айналған жаңа форматтағы жоғары мәдениетті алғашқы шара болары сөзсіз. Оқу жылын аяқтауды сапалы ұйымдастыру және қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша өңірлік білім басқарамаларының басшыларына дербес жауапкершілік жүктеймін", - дейді министр.