ERNUR.KZ. Ақорданың баспасөз қызметі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Жарлығын жария етті, деп жазады ҚазАқпарат.
«Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен байланыс, ақпараттандыру, «электрондық үкімет», мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын», - делінген Жарлық мәтінінде.
Сондай-ақ осы Жарлықпен ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі таратылды.