Іздестіру жұмыстарына ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі мен Жамбыл облысы бойынша полиция департаментінің күштері жұмылдырылған.
ERNUR.KZ. Қырғызстанмен шекарада із-түзсіз жоғалып кеткен сарбазды бесінші күннен бері ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметін іздеп жатыр, деп жазады orda.kz
«ҰҚК-нің Жамбыл облысы бойынша шекара қызметі 2 наурызда із-түзсіз жоғалып кеткен, Андас батыр шекара бөлімінде әскери борышын өтеген Бердішов Ұлықбек Айдарбекұлын іздестіруде», -  делінген жексенбі күні таратқан хабарламада.
Іздестіру жұмыстарына ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі мен  Жамбыл облысы бойынша полиция департаментінің  күштері жұмылдырылған.
«Аталған факті бойынша тексеру және тергеу амалдары жүргізілуде»,-  деді шекара қызметі.
            
                        
                        
                    
