ҚР ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

0
190

Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.


ҚР ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

Әли Сапарғалиұлы Алтынбаев ҚР ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімімен Әли Сапарғалиұлы Алтынбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Әли Алтынбаев 2001 жылдан 2020 жылға дейін Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінде басшылық қызметтер атқарған.

2020-2021 жылдар аралығында Қаржы мониторингі агенттігінің экономикалық тергеу бөлімінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

2021-2022 жылдары – Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы.

2022 жылдың маусымынан бастап Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Ол 2022 жылы президент жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры атағын алған.