Мұның барлығы өңірдің жан-жақты дамып жатқанына дәлел деп айтуға болатын шығар.
Құрылғанына бірнеше ғана жыл болған Ұлтыау облысында дәл қазір төтенше жағдай орын алып жатыр демесеңіз, өңір жан-жақты дамытылып, әлеуметтік-экономикалық ахуалы жақсарып келе жатыр. Айталық, бгінгі таңда өңірге қарасты Сәтбаев шаһарының онға жуық жүйесінде кәріз жүйесі іске асырылып жатыр. Нәтижесінде, жыл соңына дейін 250-ден аса тұрғынүй орталықтандырылған кәріс жүйесімен қамтылады. Өз кезегінде облыс әкімі бұл жобаны толықтай іске асыру барысында қандай да бір қаржы тапшылығы болмайтынын атап өтті. Жалпы қашықтығы 4500 метрді құрайды.
Сонымен қатар, өңірде ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыру мақсатында нысандар салынып жатыр. Соның бірі жыл басында Ұлытау ауданында пайдалануға берілді. Жаңа нысан толықтай заманауи құрылғылармен жабдықталып, медициналық ұйымға керекті қажеттіліктің барлығы қарастырылған. Бұл тұрғыда 2024 жылы тағы да 7 елді мекенде фельдшерлік-акушерлік нысан ашылады деп жоспарланып отыр.
Одан бөлек, биыл жыл басында өңірдегі ең ескі нысан – Жезді кентінде орналасқан аурухана толықтай жаңартылып бітті. Жаңғырту жұмыстары аясында шатыр мен еден, есік пен терезе толықтай ауыстырылып, кәріз, жылу беру жүйелері ретке келтірілген. Сонымен қатар, емханаға қажетті жаңа технологиялар сатылып алынған. Бұл тұрғыда елді мекенге жұмыс істеуге келетін жас мамандарды баспанамен қамтып, ем жасауға арнайы шақыртылатын дәрігерлер үшін үй-жай қарастыру тапсырылды. Жалпы, 2024 жылы Ұлытау өңірінде отызға тарта медициналық нысан қолданысқа берілмек. Оның ішінде фельдшерлік-акушерлік және медициналық бекеттер, аудандық ауруханалар мен емханалар, травматологиялық ныса мен облыс орталығындағы инсульт нысаны бар.
Жаңғырту демекші, биыл ауылдық жерлерді дамытуға бағытталған «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы арқылы 112 млн. теңге бөлініп, Қарсақбай жеріндегі мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізілді. Деректерге сүйенсек, көптеген жыл бойы бұл нысанды жылыту өзекті проблема болып келген. Енді мұндай мәселе болмайды. Одан бөлек, шатыры мен есік-терезелері жаңартылып, ғимарат қабырғасы мен қасбеті реттеліпті. Сахна мен 7 кабинеті де жаңғыртылған. Енді мәдени нысандағы жиһаздар жаңартылып, өнер ұйымына І.Есенберлиннің аты берілмек.
Өңірде баспана қажеттілігі мәселесі де түрлі жолдарме бірте-бірте шешіліп келе жатыр. Мәселен, жыл басында Жезді елді мекенінде 6 жанұя баспаналы болды. Еі отбасыға арналып салынған 3 нысан былтыр жыл соңында салынып біткен. Баспаналы болғандар – елді мекенге келіп қызмет етіп жатқан жас қызметкерлер мен әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындар. Облыс әкімінің айтуынша, биыл кенттің сексен жылдық мерейтойына орай бұдан да басқа мардымды тірлктер атқарылмақ. Оның ішінде 2 тұрғынүй құрылысы, спорттық және сауықтыру кешендері бар.
Сондай-ақ, алдағы уақытта облыс орталығы – Жезқазған қаласын арнайы дамыту бағдарламасы іске асырылмақ. Жоспарға сәйкес, қала аумағын абаттандыру қарқын алып, маусым айында кеншілер алаңы қолданысқа беріледі. Жиырмадан аса ойын алаңы салынып мен жиырмаға жуық спорт алаңының құрылысы басталмақ. Отызға жуық тұрғынүйге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, отызға тарта бейнекамерамен жабдықталған аялдама пайда болады. Елуге жуық көше жөндеу көріп, үш бірдей көппәтерлі тұрғынүй құрылысы аяқталып, әлеуметтік жағдайы төмен елуден астам азамат үшін баспана сатылып алынады. Спорттық әрі сауықтыру кешені іске қосылып, жасөспірімдерге арналған академия ашылады. Жылу, ауызсу әне табиғи газбен қамту жұмыстары да атқарыла бермек.
Ал, Сәтбаев қаласында мыңға жуық бала оқи алатын білім ұясының құрылысы басталып, он төрт көше жөнделіп, отыздан аса ойын алаңы салынады. Еліге жуық үйдің қасбеті мен шатыры жаңартылып, төрт саябақ құрылады. Алпысқа жуық пәтері бар көпқабатты тұрғынүйдің құрылысы аяғына жетіп, отыз пәтерлі инвестициялық нысан, үш жүзден астам баолаға арналған балабақша құрылысы аяқталады. Жаңа аурухана бой көтеріп, қала аумағын көркейтуге көңіл бөлінеді.
Жаңаарқа жерінде де бірқатар жоба іске асырылып, үш мың құты консервіленген ет шығаратын кәсіпорын ашылады. Одан бөлек, орман қорын ұлғайту мақсатында 1,7 миллион түп ағаш егіліп, бірнеше ауылда баспаналар салынады. Жаңа мектептер бой көтеріп, аудан орталығында көпқабатты тұрғынүй пайдалануға беріледі. Спорттық, емдік және медициналық нысандар ел игілігіне беріліп, 300 адамды жұмыспен қамтитын қайта өңдеу өнеркәсібі іске қосылады. Теміржол бойындағы өткел мәселесі түбегейлі шешіліп, аэродром ашу жұмыстары атқарылады.
Жалпы, биыл өңірді көркейту мақсатында бюджеттен алты миллиард теңге қаралған. Ал, өңірдегі ірі өндіріс орны «Қазақмыс» қосымша бес миллиард теңге бөліп отыр. Сәйкесінше, облыс қазынасы есебінен бес, «Қазақмыс» қаражаты арқылы бес жоба іске асырылмақ.
Өткен айда жарияланған тағы бір қуанышты жаңалық – биыл Сәтбаев шаһарындағы үш көпқабатты тұрғынүй пайдалануға беріліп, жүз елу жанұя баспаналы болмақ. Бұл нысандардың құрылысы өткен жылы басталып, қарқынын бәсеңдетпеген. Айта кетерлік жағдай – бүгінгі таңда аталған қала бойынша екі мыңнан астам азамат үй кезегінде тұр екен.
Жалпы, 2024 жыл басталғалы кезекте тұрған 75 ұлытаулық баспана кілтін алған. Бұл бағыттағы жұмыстар жыл соңна дейін жалғаса бермек.
Сонымен қатар, алдағы күндері өңірде тазалық жұмыстары басталып, мамыр айына дейін жүргізіледі. Бұл жайында облыс басшысы аудан-қала әкімдеріне тапсырма берді. Одан бөлек, тазалық және көркейту жұмыстарына жауап беретін мекемелердің жұмысын бақылауға алу, егер міндеттерін дұрыс орындамаса, айыппұл салутапсырылды. Қоғамдық көліктер мен жолаушылар тасымалына да айрықша мән беріліп отыр. Көшелер мен демалыс аймақтарындағы жарықтандыру жұмыстары, қоқыс полигондарының жұмысы да бақылауда болады.
Естеріңізде болса, жыл басында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңір басшысы қабылдап, облыстың дамуы жайында есеп алған еді. Сол кезде облыс әкімі өңірге инвестиция тарту көрсеткіші көтеріліп, инвестиция 210,1 млрд. теңгеге жеткенін мәлім етті. Салынған инвестицияның тоқсан пайызы жеке инвестиция болып саналады екен. Сонымен қатар, биыл өңірде өнеркәсіп бағыты бойынша сегіз, туризм бағыты бойынша үш және ауыл шаруашылығысаласында бес жоба іске асырылып, жеті жүзден астам жаңа жұмыс орны құрылады екен. Одан бөлек құс өнімдерін өндіретін фабрика, көкөніс түрлері мен картоп өндіретін шаруашылықтар құрылатын болады.
Ал, ел көлемінде қарқын алған «Жайлы мектеп» бағдарламасы арқылы келер жылға дейін жалпы саны үш жарым мыңнан астам баланы қабылдай алатына алты мектем ел игілігіне беріледі. Одан бөлек, биыл он бірдей спорт нысаны бой көтереді. Олардың қатарында жеткіншектер мен жасөспірімдерге арналған академия,еөпфункционалды кешен, спорттық-сауықтыру нысандары, жабық бассейн мен ойын алаңдары бар екен.
Сондай-ақ, инфрақұрылымды дамыта түсу мақсатында 2029 жылы облыс орталығы мен Сәтбаевта ауқымды жылу-электр орталығы салынбақ. Бұл тұрғындарды жылумен қаматамасыз ету мәселесін шешуге ықпал етпек. Оған қоса, өңірде Жезқазған мен Қызылорда облысы және облыс орталығы мен Арқалықты жалғайтын автомобиль жолындағы құрылыс жұмыстары басталған. Мұның барлығы өңірдің жан-жақты дамып жатқанына дәлел деп айтуға болатын шығар.
Б.Мейірханұлы,