Күдікті кешірім сұрамады: Аяжан Еділованың өліміне қатысты сот отырысы өтті

0
883

Күдікті алқабилер сотынан бас тартты.


Күдікті кешірім сұрамады: Аяжан Еділованың өліміне қатысты сот отырысы өтті

ERNUR.KZ. Марқұмның жақындары мен адвокат күдіктіні өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот отырысы жабық режімде өтті, деп жазады exk.kz.

Сот процесі барысында тек бір куәгерден жауап алынғанын мәлімдеді.

Күдікті алқабилер сотынан бас тартты. Ол жасаған қылмысы үшін Аяжанның отбасынан кешірім сұрамады.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Қадыржан Ғалымжанұлының айтуынша, айыптау актісі "Адам өлтіру" және "Зорлау" баптары бойынша бекітілді.

"Қылмыстық іс 27-30 томнан тұрады. Мен де марқұмның жақындарына қосылып Төребековты өмір бойына бас бостандығынан айыруын сұраймын. Сот үкімінің қандай болатынын уақыт көрсетеді", - деді адвокат.

Бұған дейін Express Qazaqstan Аяжан Еділованың өліміне қатысты басты сот отырысының басталғанын жазған болатын.

19 жасар Аяжан 19 наурыз күні үйінен жұмысқа шығып қайтып оралмаған. Араға үш күн салып бойжеткеннің денесі табылды. Күдікті марқұмның денесін бөлшектеп, қоқыс жәшігіне жасырғанын еске саламыз.