Атырауда науқас жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Құлсарыда жағдайы күрт нашарлаған әйел Атырауға ТЖМ авиациясымен жеткізілді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Атырау облысында ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағымен әйел Құлсары қаласынан Атырау қаласына шұғыл түрде тасымалданды.
«Ұшқыштар мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде пациент облыс орталығына аман-есен жеткізіліп, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.


