"Күнәмді жуғым келді!": Бұрынғы полиция қызметкері Сирияда содырлармен бірігіп соғысқан

0
902

Сот процесіне бұрынғы содырлардың әйелдері де қатысты.


ERNUR.KZ. Айыпталушы содырлардың бірі бұрын полиция қызметкері болып жұмыс істеген. Бұл туралы Сириядан оралған қазақстандықтардың ісін тыңдау кезінде белгілі болды, деп жазады Zakon.kz.

Сотта жасы үлкен айыпталушы - 50 жастағы Ғазинұр Бахижанов ең алдымен куәлік етті. 2013 жылы ол ағасымен бірге жиһад жүріп жатыр деген кез келген жерге баруды ұйғарған. Сирияда ол "Бабай" деген лақап атқа ие болып, әскери операцияларға қатысып, қазақстандық содырлардың әйелдерінің қауіпсіздігін қадағалаған. Сотта ер адам ислам дінін қабылдағанға дейінгі өмірі туралы айтып берді.

"Мен ішкі істер құрылымында 90-шы жылдан 92 жылға дейін жұмыс істедім. Одан соң 3-4 ай ОМОН-да болдым, кейін Алматы облысының жегілікті полиция бөлімшесіне ауыстым. Мен Алланың рақымын алу үшін шаһид болайын деп кеттім Сирияға", - деді Ғазинұр Бахижанов.

Сот айыпталушылармен қатар куәгерлердің де сөзін тыңдады. Бұл процеске бұрынғы содырлардың әйелдері де қатысты. Олар балаларын ертіп, күйеулерінің соңынан қан майданға барған. Олардың кейбіреулері соғыс болып жатқан жерге бара жатқандарын мүлде білмеген.Олардың барлығы «Жусан» арнайы операциясы кезінде отанына қайтарылды.

"Мен мұсылмандар арасында емін-еркін намазымыды оқып, жақсы әлемде өмір сүреміз деп ойладым. Бізге ол жақта бәрі шариғатқа сай екенін айтты. Бірақ жаңылысқан екенбіз. Бәрін көзімен көріп, көзіміз жеткен соң елге қайтқымыз келді. Бірақ жол жабық болды. Мен Сирияға кетуді жоспарлап, ниет қылған адамдарға бұл райынан қайтуға кеңес беремін", - деді айыпталушының әйелі.