Президенттің өкімімен Мереке Мәтімұлы Көшекбаев "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы мен десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысын тағайындады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.
Президенттің өкімімен Мереке Мәтімұлы Көшекбаев "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болды. Ол Қарулы күштер құрлық әскерлері десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.
Оның орнына десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы болып Алмаз Дженишевич Джумакеев тағайындалды.
Сондай-ақ Қайдар Сәмиғоллаұлы Қарақұлов "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.