Сондай-ақ ғалымның айтуынша сүттің дәрілік құрамы да арта түседі екен.
ERNUR.KZ. Жылқы шаруашылығына қатысты халықаралық конференцияда жылқытанушы ғалым Алтай Зейнуллин бие сүтін көбейтудің қызықты әдісін айтты, деп жазады baq.kz.
Мен 40 жылдан бері жылқыны зерттеп келе жатқан адаммын. Осы өмірімде бір қызықты дерекке тап болдым. Асау биені саууға 7 күнде жуасытып, сауынға дайындаймыз. Бір аптадан соң жылқы тұрған жерге Құрманғазы бабамыздың күйін қосып қоямыз. Басында бір сауғанда 1-1,5 литр сүт беретін бие, күй тыңдағаннан кейін 2 литрден астам сүт бере бастайды. Оның сыртынды сүттің дәрілік құрамы да арта түседі - дейді ғалым.
Алтай Зейнуллин оның өзіндік сыры бар дейді.
Бие сүтінің 80 пайыздан астамы судан тұрады. Ал судың ақпарат өткізушілік қасиеті жоғары. Сол себепті ол күй тыңдаған сәтте санасына жоғары деңгейде әсер етеді - дейді ол.
Сонымен қатар, ғалым әскери сала қызметкерлерінің, спортшылардың тағам құрамына жылқы еті мен қымызды қосу керек дейді.