Құрылтайда өткен брифинг барысында журналистер депутаттардың қанша жалақы алатынын сұрады.
Фото: t.me/quryltairesmi
ERNUR.KZ. Құрылтай төрағасының орынбасары Дания Еспаева жаңа Құрылтай депутаттарының жалақысы қанша екенін айтты, деп жазады tengrinews.kz.
Құрылтайда өткен брифинг барысында журналистер депутаттардың қанша жалақы алатынын сұрады.
Дания Еспаеваның айтуынша, депутаттардың еңбекақысы жұмыс өтіліне байланысты бір миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін.
"Қазір депутаттардың жалақысы 600 мыңнан 1 миллион теңгеге дейінгі аралықта. Егер депутаттың еңбек өтілі көп болса, оның жалақысы 1 миллионға жетеді", - деді Дания Еспаева.
2026 жылдың қаңтарында бұрынғы Сенат пен Мәжіліс депутаттары өздерінің және жұбайларының табысы туралы декларацияларын жариялаған болатын. Айта кетерлігі, ол кезде мәселе депутаттардың жалақысы туралы болған жоқ. Декларацияларда бұрынғы халық қалаулыларының лауазымдық жалақысы мен жұбайларының еңбекақысы көрсетілмеген. Тек салық салынатын қосымша табыс: дивидендтер, пайыздар, мүлікті сатудан түскен қаражат және басқасы көрсетілді.
Мәжілістің бұрынғы депутаттары қанша табыс тапты?
Мәжілісте 98 депутат болғанымен, 2024 жылғы декларацияны төртеуі ғана жариялады.
Мәселен, бұрынғы депутат Ерлан Барлыбаев есебінде 528 миллион теңге көрсеткен.
Мәжілістің экс-депутаты Анас Баққожаев табыс декларациясында ештеңе көрсетпеген. Оның жұбайы Әлия Отарбаева 2024 жылы 4,3 миллион теңге табыс тапқан.
Сонымен қатар Мәжіліс төрағасының бұрынғы орынбасары Альберт Раудың жұбайы бір жылда 10 миллион теңге, ал экс-мәжілісмен Бауыржан Смағұловтың әйелі 48 миллион теңге табыс тапқан.
Бұған дейін Мәжілістің бұрынғы спикері Ерлан Қошанов та табысы туралы декларацияны жария еткен болатын. Құжатта оның жұбайы Гүлжан Абауова 2024 жылы 1,5 миллион теңге табыс алғаны жазылған.
Сенаттың бұрынғы депутаттары қанша табыс тапты?
50 сенатордың ішінен 2024 жылғы декларациясын тек бесеуі жариялады. Атап айтқанда, Сағындық Лұқпанов 43 760 теңге көлемінде табыс көрсетті. Ал сенатор Закаржан Кузиевтің жұбайы Тасмия Кузиева бір жылда 3,2 миллион теңге табыс тапқан.
Бұдан бөлек:
- Сұлтан Дүйсембиновтің жұбайы Рая Қыдырбаева 2024 жылы 5 миллион теңге табыс тапқанын көрсетті;
- Нұрлан Бекеновтің жұбайы Сара Бекенова - 11 миллион теңге;
- Жанболат Жөргенбаевтың жұбайы Дания Жөргенбаева 12 миллион теңге табыс көрсетті.
Сенаттың бұрынғы спикері Мәулен Әшімбаев пен оның жұбайы, құжатқа сәйкес, қосымша табыс алмаған.


