Зардап шеккендер жоқ.
Фото: Видеодан алынған скрин
ERNUR.KZ. Түнде Қарағанды қаласында Лихачев көшесінде екі пәтерлі тұрғын үйде өрт шықты, деп жазады inform.kz.
ТЖМ бөлімшелерінің үйлесімді және жедел іс-қимылдарының арқасында өрт оқшауланып, толық сөндірілді.
Өртті сөндіру барысында құтқарушылар бес газ баллонды қауіпсіз жерге шығарды. Бұл — ықтимал жарылыстың алдын алды.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.