Құтқарушылар Аю-Сай және Проходное шатқалдарын, сондай-ақ Терра алаңы мен Алёшкин көпірі аумақтарын тексерді.
Фото: видеодан алынған скрин
ERNUR.KZ. Алматы облысының Қарасай ауданында ҚР ТЖМ «Барыс» РҚҚ құтқарушылары Үлкен Алматы шыңы аймағына аттанып, байланысқа шықпай қалған турист қызды іздестіру жұмыстарын жүргізді, деп жазады inform.kz.
Іздеу жұмыстарынан қайтып келе жатқан кезде Космостанция ауданында аяғын жарақаттап алған тағы бір турист туралы хабарлама келіп түсті. Құтқарушылар оқиға орнына жіберілді. Олар зардап шеккен туристке алғашқы медициналық көмек көрсетіп, төменге дейін алып түсті және оны Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырды.


