​"Күтпеген сый болды" Самал Еслямова Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанды

0
1 901

Бүгін мен үшін тарихи күн, дейді қазақ қызы.


​

ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев кино әртісі Самал Еслямоваға "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын берді, деп жазады sputniknews.kz.

Игі дәстүр бойынша Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада елге еңбегі сіңген азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Президенттің қолынан марапат алғандар қатарында кино актрисасы Самал Есләмова да бар. Ол "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын алды.

Сондай-ақ, бұл атақ "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консеваториясы" РММ аға оқытушысы Ян Рудковскийге берілді.

Салтанатты жиыннан кейін журналистер Самал Еслямовадан марапаттау кезінде президентке не деп айтқанын сұрады.

"Мен оны бала кезімнен көруді армандағанымды айттым. Елбасы маған осындай жоғары награда табыстайды деп күткен жоқпын. Бүгін мен үшін тарихи күн. Армандар орындалады, тек дұрыс армандай білу керек", — деді актриса.