Құжат ағымдағы жылдың 2 маусым айына дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.
ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тарту мақсатында жергілікті атқарушы органдардың рұқсатын талап етпейтін тұлғалардың тізбесіне" түзетулер әзірледі, деп жазады sputnik.kz.
Құжат ағымдағы жылдың 2 маусым айына дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.
Түзетулер жергілікті атқарушы органдардың рұқсатынсыз бір ұйымда еңбек қызметін жүзеге асыруға тартылуы мүмкін шетелдік азаматтардың санын нақтылау үшін әзірленді.
"Енгізілетін өзгерістерге сәйкес жүз пайыздық шетелдік қатысу үлесі бар қазақстандық заңды тұлғалар өздерінің жарғылық капиталына квотадан тыс жұмысқа тек бірінші басшыны және оның бір орынбасарын ғана қабылдай алады", - дейді министрлік.