Басылымдардың айтуынша, ер адамдар бір пәтерді жалдап тұрған.
ERNUR.KZ. ҚР Сыртқы істер министрлігі өкілдері Германиядағы ер адамның қылышпен шабылуына қатысты пікір білдірді, деп жазады tengrinews.kz.
Германияда 28 жастағы Сирия мигранты көшеде танысын қылышпен кесіп өлтірді. БАҚ өкілдерінің ақпараты бойынша, қайтыс болған жігіт 36 жастағы қазақстандық неміс. Сыртқы істер министрлігі бұл ақпараттың жалған екенін айтты.
"Неміс полициясының Франкфурт-на-Майндағы Қазақстанның Бас консулдығына берген ақпаратына сәйкес, қаза тапқан жігіттің Қазақстанға еш қатысы жоқ", - деп хабарлады сыртқы саясат ведомствосының ресми өкілі Айбек Смадияров.
Оқиға неміс Штутгартында болған. Көп ұзамай қылмыскер ұсталды. Ол Сириялық мигрант болып шықты. Басылымдардың айтуынша, ер адамдар бұрын екі адамға бір пәтер жалдап тұрған. Олар нені бөлісе алмағандары белгісіз.