Қырғыз азаматтары Қазақстанда 90 күн бола алады

0
721

Бұған дейін Қырғыз азаматтары елімізде 30 күн ғана бола алатын еді.


Қырғыз азаматтары Қазақстанда 90 күн бола алады

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасындағы Қырғыз Республикасы азаматтарының кіру және болу тәртібіне өзгерту енгізіледі, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуі және болуы, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуі қағидаларының 6-тармағының 16-абзацын қолданбай, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап Қырғыз Республикасының азаматтары үшін Қазақстан Республикасында болуға рұқсат етілген күнтізбелік тоқсан күн мерзім белгіленсін», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет басшысы қаулысының жобасында.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қыркүйекке дейін қолданылады.

Айта кетейік, бұған дейін Қырғыз азаматтары елімізде 30 күн ғана бола алатын еді.