​Қырғыз вице-министрі «Эйр Астана» ұшағында жанжалдасқаны үшін қызметтен босатылды

0
1 176

Мұндай жағдайдың болғанын Қырғызстанның Корея Республикасындағы елшілігі растады.


​Қырғыз вице-министрі «Эйр Астана» ұшағында жанжалдасқаны үшін қызметтен босатылды

ERNUR.KZ. Еңбек және әлеуметтік даму вице-министрі Зууракан Қаденова лауазымынан босатылды. Тиісті қаулыға Қырғызстанның премьер-министрі Мұхамедқали Абылғазиев қол қойды, деп жазады Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары жазғандай, 22 қыркүйекте Сеул әуежайында жанжал туғызғаны үшін Еңбек және әлеуметтік даму вице-министрі Зууракан Каденова рейске отырғызылмаған болатын. Әйел мас болып, борт қызметкерлеріне айғайлаған. Мұндай жағдайдың болғанын Қырғызстанның Корея Республикасындағы елшілігі растады.

«Елшілік таратқан ақпаратқа сүйенсек, Қырғызстанның есімі аталған азаматы әуежай талаптарын орындаудан бас тартқаны үшін «Эйр Астана» әуе компаниясы мен әуежайдың өкілдері оны рейске отырғызбау туралы шешім қабылдады», - делінген хабарламада.