Жылу жүйесіне 13 607 тұтынушы қосылған.
Түркістан қаласында 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымы 23 қазаннан басталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қаулысына сәйкес, жылу алдымен әлеуметтік нысандар мен көпқабатты тұрғын үйлерге бекітілген кесте бойынша кезең-кезеңімен беріледі.
Қазіргі таңда қала бойынша орталықтандырылған жылу жүйесіне 13 607 тұтынушы қосылған. Оның ішінде 230 көпқабатты тұрғын үй, 30 бюджеттік ұйым және 164 өзге де тұтынушы бар.
Жылу беру маусымының басталуына байланысты тиісті мекемелерге жылу жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ету және жылумен жабдықтау барысын бақылау тапсырылды.


