Бүгін Түркістанда Орталық Азия Мемлекеттерінің бірінші Парламентаралық форумы өтіп жатыр. Оған өзбек, қырғыз, түркімен және тәжік елдерінің делегациялары қатысуда.
ERNUR.KZ. Қырғызстан Республикасы Жогорку Кенеші "Ынтымақ" депутаттық фракциясының жетекшісі Марлен Маматалиев бүгінгі форумда қырғыз делегациясы тарапынан екі ел арасындағы шекарада болатын мәселелерді шешу туралы сөз қозғап, құрылыс саласына қатысты ұсыныстар көтерілетінін атап өтті, деп жазады inbusiness.kz.
"Біз құрылыс саласындағы қарым-қатынасымызға қатысты мәселені көтеріп отырмыз. Орталық Азия елдерін бірлескен жобаларға қатысуға шақырамыз. Сонымен қатар, бүгін ГЭС салу үшін Қазақстанға ұсыныс жасамақпыз. Себебі, біздің ойымызша, әлем барлық бағыттың даму негізі электр энергиясы болатын ағымға келе жатыр. Сондай-ақ, Қазақстанмен Алматы-Шолпан Ата жолының құрылысына қатысты мәселені қарастырамыз" – деді Қырғызстан депутаты.