Қырғызстан қаңтар оқиғасында "азапталған" музыкант Викрам Розахуновтың ісін қарап болды

0
497

Алматыда ұсталған қырғыз музыканты Викрам Розахуновтың азаптау ісін қарау аяқталды. Бішкек милициясы нәтижелерді Қазақстанға жібереді.


Қырғызстан қаңтар оқиғасында

ERNUR.KZ. Бұл туралы музыкант Facebook-тегі парақшасында жазды, деп жазады inbusiness.kz.

"Сарапшылар менің денсаулығыма ауыр зиян келтірілді деп бағалады. Жиналған материалдар Қырғызстанның Бас прокуратурасы арқылы кінәлі тұлғаларды анықтау және қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанның құзыретті органдарына жіберілетін болады", – деп жазды ол.