Қырғызстан Қазақстанға жіберетін су көлемін арттырады

0
331

Бұған дейін Қазақстан мен Өзбекстанның су ведомстволары "Достық" арнасы арқылы 922 миллион текше метр су өткізуге келісті.


Қырғызстан Қазақстанға жіберетін су көлемін арттырады

ERNUR.KZ. Қырғызстан Қазақстанға жіберетін су көлемін ұлғайтады, деп жазады sputnik.kz.

Ведомствоның мәліметінше, 2024 жылғы суару маусымында Қырғызстаннан Қазақстанға Шу өзені арқылы 180 миллион текше метр су, Талас өзенімен 380 миллион текше метр су келеді.
Құрамына екі ел өкілдері кіретін Шу-Талас су комиссиясының отырысында су ведомстволары арасындағы келісімдерге қол жеткізілді.
"Тараптар Шу және Талас өзендерінің бойында орналасқан су шаруашылығы нысандарындағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының түрлері мен көлемдері туралы келісімге келді", - деп толықтырды су ресурстары министрлігі.
Бұған дейін Қазақстан мен Өзбекстанның су шаруашылығы ведомстволары "Достық" мемлекетаралық арнасы арқылы республикаға 922 миллион текше метр су жеткізуге келісті, деп еске салды ведомствоның баспасөз қызметі.
"Суару маусымына дайындық барысында еліміздің оңтүстігіндегі шаруаларды қажетті су көлемімен қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды, көршілес елдермен маңызды келіссөздер жүргізілді", - деп мәлімдеді су ресурстары министрі Нұржан Нұржігітов.
Ол Қырғызстанның су ресурстары министрлігі маусым айының үшінші онкүндігінің басынан бастап жіберілетін су көлемін арттыратынын баса айтты.
Су министрлігі қырғыз әріптестерімен бірлесе отырып, су көлемін арттыра отырып, кестені түзетуге кірісті, деді Нұржігітов.