Қырғызстанда 17 жастағы қызды өлтірген күдікті туралы күтпеген деректер шықты

0
129

Қырғызстанның ішкі істер министрлігі 41 жастағы күдікті Кумарбек А. бұған дейін тағы бір қылмыс жасағанын мойындағанын хабарлады.


Қырғызстанда 17 жастағы қызды өлтірген күдікті туралы күтпеген деректер шықты

Фото: 24.kg

ERNUR.KZ. Қырғызстанда 17 жастағы Айсулуу Мукашеваны аяусыз өлтірген ер адамға қатысты тергеу жалғасып жатыр. Айта кетейік, осы жағдайдан кейін Қырғызстанда өлім жазасын енгізу туралы талқылаулар басталып кеткен еді, деп жазады ulysmedia.kz.

Қырғызстанның ішкі істер министрлігі 41 жастағы күдікті Кумарбек А. бұған дейін тағы бір қылмыс жасағанын мойындағанын хабарлады. Күдікті 2014 жылы Камила Дуйшебаеваны өлтіргенін мойындады. Ведомство мәліметінше, күдікті бірнеше рет сотталған. Тергеу мәліметінше, ол қылмысын жасыру үшін сөз байласып, жалған құжаттар жасап жүрген, деп жазады 24.kg.

ҚЫЛМЫС

ІІМ хронологиясына сәйкес, күдікті Кумарбекке қатысты алғашқы іс 2006 жылы тіркелген. Ол кезде күдікті ұрлық жасағаны үшін ұсталған болатын. Кейіннен 2011 жылы аты-жөні белгісіз қызды өлтіргенін және 2015 жылы жасаған қылмысын мойындаған.

КАМИЛА ДУЙШЕБАЕВАНЫҢ

Күдіктінің айтуынша, Камила Дуйшебаеваны өлтіргеннен кейін үш күн өткен соң тағы бір адамды зорлаған. Тергеу барысында ол бұрын мәйіттер табылған жерлерді де көрсеткен. Камиланың денесі 2014 жылы Байтик ауылындағы зираттан табылған. Сараптама оның мойнына шарф оралып, тұншықтырып өлтірілгенін анықтаған. Бұл іс сол уақыттан бері ашылмай келген.

АЙСУЛУУДЫҢ ӨЛІМІ

Қыркүйек айының соңында Ыстықкөл облысында 17 жастағы Айсулуу Мукашева аса қатігездікпен өлтірілді. Тергеу мәліметінше, күдікті қызды «Азамат» жағажайы маңындағы алма бағына апарып, зорлап, кейін тұншықтырған.

ҚОҒАМ РЕАКЦИЯСЫ

Қайғылы оқиға ел ішінде үлкен резонанс тудырды. Президент Садыр Жапаров балаларды зорлағандар мен әйелдерді зорлап өлтіргендерге өлім жазасын енгізуді ұсынды. Өлім жазасын қайта енгізу мәселесі референдумға шығарылуы мүмкін. Президент әкімшілігі тиісті заң жобасын таныстырды – онда өлім жазасын жою туралы ратификацияны жою көзделген.