Қырғызстанда балаларды шетелге сату үшін асырап алған

0
233

20 қыркүйекте оқиғаға қатысы бар тұлғалар ұсталып, ҰҚМК уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.


Қырғызстанда балаларды шетелге сату үшін асырап алған

ERNUR.KZ. Қырғызстанда кәмелетке толмаған балаларды заңсыз асырап алып, кейіннен сату мақсатында елден тыс жерлерге тасымалдаған тұрақты трансұлттық қылмыстық ұйым қызметінің жолы кесілді, деп жазады inform.kz.

Қырғызстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл қылмыстық топтың құрамында 2022 жылдан бері айла-шарғы жасау, пара алу және Қырғыз Республикасының заңнамасын бұзу жолымен әлеуметтік осал отбасылардан шыққан қырғыз балаларына қамқорлық алуға толық құқық алған шетелдіктер мен Қырғызстан азаматтары болды. Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 166-бабы («Адам саудасы») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

20 қыркүйекте оқиғаға қатысы бар тұлғалар ұсталып, ҰҚМК уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Қазіргі уақытта арнайы қызмет қылмыстық ұйымның басқа мүшелері мен олардың сыбайластарын, сондай-ақ барлық жәбірленушілерді анықтау бойынша жедел-іздестіру және жедел іс-шараларды жалғастыруда.
Бұған дейін Қырғызстанның Ош қаласында 15 жастағы қыз бір айдан астам уақыт сексуалдық құлдықта болғаны туралы жазған болатынбыз.

Бұл іс бойынша күдіктілер қамауға алынды.