Цистерналардың бірінің астында қалып қойған 59 жастағы жұмысшы қаза тапты.
ERNUR.KZ. Ош қаласына жақын маңдағы теміржол стансасында бензин құйылған 3 цистерна теміржолдан шығып, аударылды, деп жазады ҚазАқпарат.
Апаттан оқиға орнында цистерналардың бірінің астында қалып қойған 59 жастағы жұмысшы қаза тауып, 22 жастағы жігіт зардап шекті. Ол түрлі жарақатпен Ош облыстық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта жағдайы тұрақты деп бағалануда.
Оқиға орнында Қырғызстанның Ош облыстық ТЖМ және ІІМ басшыларынан құралған топ жұмыс істеп жатыр. Апаттың салдарын жою шаралары қабылданып, аударылған цистерналардан бензинді құйып алып, өрт қауіпсіздігі бақылануда.