Қырғызстанда есірткі тасымалдауға қатысқан қазақстандық ұсталды

0
390

Ол есірткіні Талас облысының Қазақстанмен шекаралас аумағында алуы керек болған.


Қырғызстанда есірткі тасымалдауға қатысқан қазақстандық ұсталды

ERNUR.KZ. 2020 жылғы қыркүйекте Шу облысында Қырғызстанның екі азаматы ұсталды. Олардан жалпы салмағы 10 келі болатын ауғандық гашиш тәркіленді, деп жазады zakon.kz.

Сондай-ақ Қ.Е.Б есімді Қазақстан азаматы ұсталды. Ол есірткіні Талас облысының Қазақстанмен шекаралас аумағында алуы керек болған. Одан әрі ол жүк Қазақстан аумағына контрабандалық жолмен әкелініп, сатылуы тиіс болған.

2022 жылғы 28 тамызда "Чон-Капка" автожол өткізу пунктінде Қырғыз Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде азамат К.Е.Б. ұсталып, одан әрі жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті

Қазір Қырғызстан мен Қазақстан азаматтарының арасынан осы есірткі арнасының басқа да ұйымдастырушыларын анықтау шаралары жүріп жатыр.