Қырғызстанда халықаралық экспедицияға қатысушылар Қазақстан атынан ағаш отырғызды

0
132

"Еуразия жүрегіне саяхат" сапары жалғасып жатыр.


Қырғызстанда халықаралық экспедицияға қатысушылар Қазақстан атынан ағаш отырғызды

фото: Международная экспедиция "Путешествие в Сердце Евразии"

ERNUR.KZ. "Еуразия жүрегіне саяхат" халықаралық экспедициясы алға жылжып жатыр. Жаңа бағыт Қырғызстанның Жалал-Абад қаласы болды, деп жазады sputnik.kz.
"Міне, игі дәстүріміз бойынша экспедицияны ұйымдастыру комитетінің жетекшісі Ислам Назаралиевпен және Қырғыз Республикасы президентінің Жалал-Абад облысындағы өкілетті өкілі Тілек Текебаевпен бірге Ресей мен Қырғызстан аймақтарының достық саябағына экспедицияға қатысушы әр елден бес ағаш отырғыздық", - деді қатысушылар.
Бұл мемлекеттер:
Ресей;
Қырғызстан;
Қазақстан;
Өзбекстан;
Тәжікстан.
Келесі кезекте PRO WB бизнес бағдарламасы болды: олар шағын және орта бизнесті қолдау және болашақты құратындарға арналған цифрлық құралдар туралы айтты.
Экспедицияға қатысушылар жолда 34 күн болды, олар жоспарланған бес елдің үш елінде болды. Келесі қала – Ош.