Қырғызстанда түнде жер сілкінісі болды

0
175

Қырғызстанда түнде жер сілкінісі болды.


Қырғызстанда түнде жер сілкінісі болды

фото: Скриншот Google Карта

ERNUR.KZ. Қырғызстанда түнде жер сілкінісі болды, деп жазады tengrinews.kz.

Қазақстан ГЗИ ҰЯО Ұлттық деректер орталығы мәліметінше, 20 қарашада Астана уақытымен 03:53-те Қырғызстан аумағында жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпулерінің магнитудасы - 4,6.

Қазақстан ТЖМ мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 689 шақырым қашықтықта орналасқан. Қазақстан аумағында жер асты дүмпулері сезілмеген.

Еске салайық, 5 қарашада таңертең Алматы облысы мен Алматы қаласында жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматыдан шығысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқан. Мегаполисте жер асты дүмпулері 3 балл шамасында, ал Талғарда 4 баллға дейін сезілген еді.