Қырғызстандық зейнеткер Астанада өтетін көшпенділер ойындарына велосипедпен шықты

0
312

Ол 2016 шақырым қашықтықты жүріп өтуге ниетті екені айтылған.


Қырғызстандық зейнеткер Астанада өтетін көшпенділер ойындарына велосипедпен шықты

ERNUR.KZ. Ош тұрғыны Мамыт Таштанов Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысу үшін Астанаға велосипедпен шықты, деп жазады tengritravel.kz.

Ош қалалық мэриясының баспасөз қызметі мәліметінше, 74 жастағы зейнеткерді бейсенбі күні орталық алаңда жолға шығарып салған.

Ол 2016 шақырым қашықтықты жүріп өтуге ниетті екені айтылған.

"Іс-шараның мақсаты - түркітілдес елдер халықтарының достығын нығайту және спортпен шұғылдануға шақыру", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

Екі жыл бұрын Таштанов Түркияның Изник қаласында өткен IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына велосипедпен барған болатын.

Еске салайық, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада 8 мен 13 қыркүйек аралығында өтеді және оған 89 елден қатысушылар келеді.