Қырғызстандықтар үшін Қазақстанға келу ережелері өзгерді

0
2 773

Қаулы 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.


Қырғызстандықтар үшін Қазақстанға келу ережелері өзгерді

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қырғызстан азаматтары үшін 2024 жылғы 1 қыркүйекке дейін көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуі және болуы қағидаларындағы 6-тармағы 16-бөлігінің қолданылуын тоқтатты, деп жазады inbusiness.kz.

"Егер иммигрант келгенде белгіленген мерзімінен асып кеткені анықталса, Қазақстанға кіруге рұқсат етілмейді", – деп жазылған.

Жалпы ереже бойынша, ЕАЭО азаматтарының (Қырғыз Республикасы кіреді) елге келу мерзімі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап, 90 күнтізбелік күн өткен соң аяқталады. 180 күнтізбелік күннің әрбір кезеңінде барлығы 90 күн.

ҚР Үкіметінің 26.09.2023 жылғы № 837 қаулысы 09.10.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.