Қырғызстан тарапынан шекаралық бақылаудан өту кезінде жүк тасымалдаушылар үшін шектеулер жоқ.
ERNUR.KZ. Қырғызстан-Қазақстан шекарасының" Қарасу-автожол" бақылау-өткізу пунктінде жүк көліктерінің қозғалысы баяулады. Бұл туралы Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.
"Қазақстан тарапының ақпараты бойынша,"Қарасу-автожол" өткізу пунктінде инспекциялық-тексеру кешенінің қызметінде болған іркіліске байланысты жүк көліктерінің қозғалысы баяулады. Осыған байланысты, 2021 жылғы 19 ақпандағы 15:00-дегі жағдай бойынша, Қырғызстан аумағындағы "Ақ тілек-автожол" өткізу пунктінде қырғыз-қазақстандық мемлекеттік шекара учаскесінде шекаралық бақылаудан өту үшін кезекте 100-ге жуық жүк көлігі тұр", - делінген Қырғызстан ведомствосының хабарламасында.
Қырғызстан тарапынан шекаралық бақылаудан өту кезінде жүк тасымалдаушылар үшін шектеулер жоқ. Сондай-ақ, Қырғыз-Қазақстан учаскесіндегі басқа өткізу пункттерінде мемлекеттік шекарада адамдар мен автокөлік құралдарының жиналу дерегі тіркелген жоқ.
"Мемлекеттік шекара арқылы бақылау-өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді. Мемлекеттік шекара қызметі уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды", - делінген хабарламада.
Ал Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің баспасөз қызметі шекарадағы бұл туралы ақпаратты жоққа шығарды.
"Инспекциялық тексеру кешені жұмыс істеп тұр, ешқандай ақау жоқ", - деді ведомство өкілдері.